Газ құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себептері бойынша көп жағдайда өрт болып жатады.
Баллон газбен бірге, шынымен де бақылауда екенін қазір тексеріңіз. Өйткені жақындарыңыз бен өздеріңізді қайғылы жағдайдан аман сақтап қалу үшін, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажет және ағаттылық іс әрекеттерге жол бермеу керек. Суық мезгілінде газды баллонның реттеуіш тиегі құрылғысы қатып қалады, оны адамдар тез арада жылыту барысында жанғыш құрылғының қасына қояды, ыстық суға салады, ашық от түрін пайдаланады. Нәтижесінде осындай жылыту барысында ішіндегі агрегат қысымы үлғайып, адам шығынына әкеп соғады. Баллонды жанғыш құрылғысынан 1 метр қашықтықта, ал газ плитасын жылыту конструкциясынан 30 см кем емес қашықтықта құру қажет. Газ құрылғысы пішіні терең сызаттардан, жарықтардың бұзушылығы болмауы керек, оның негізгі элементі болып жаға, башмақ және баллонның толық және бос кезіндегі тарысы, газдың салмағы, кезектік техникалық куәлендіретін мерзімі (бес жылда 1 рет) және жұмыс қысымы көрсетілетін паспорт болуы керек. Резеңке тығыздалған сақинаның сыйымдылығы ақаусыз, икемді болуы керек.
Ережеге сәйкес,жеке сектор тұрғындары өз күштерімен баллонды құрады, бұл жағдайда оларды түсінуге болады. Өйткені баллонды тасымалдаушы фирма мұндай қызмет түрін көрсетпейді. Бұл да үлкен мәселе. Көп жағдайда газды, бұл жұмыс түріне рұқсат етілмегендер сатып жатады. Баллонды орнатумен газ шаруашылығының қызметкерлері айналысуы керек, егерде үй иесінің газ қызметкер ұйымында арнайы дайындықтан өткені туралы куәлігі бар жағдайда ғана құрылғыны өз бетімен қоюға рұқсат етіледі. Алайда бұл құрылғы көп қабатты тұрғын үйлерде қоюға тыйым салынады. Көбі герметикалығын тексеру кезінде құрылғыны редуктормен байланыстырып сабынды ерітіндімен тексеру қажет екенін білмейді, ешқашан ашық отпен (сіріңке, шақпақпен) тексеруге болмайды – солардың кесірінен көбінесе «газдық» өрт болады. Плитаны, сонымен қатар конфоркаларды таза ұстау қажет, майдың дақтары өрт болуына әкеп соғады. Көбінесе, төртінші өрт ас бөлмесінен басталады, газ плитада тамақты қараусыз қалдырған ұқыпсыз үй иелерінің кінәсінен болып жатады.
Газ иісін сезгенде сіріңкені, электр құрылғыларын қолдануға, жарықты жағып сөндіруге болмайды, дер кезінде адамдарды ғимараттан шығару қажет, газды берілуін жабу, бөлмелерді желдету керек, апаттық газ қызметкерлерін шақырту қажет. Сонымен қатар, газ плитаның қасына кішкентай балаларды, сау емес күйіндегі тұлғаларды жақындатпауға тырысыңыз. Газ құрылғыларын жөндеу өте қауіпті, ол газбен ғимаратты жылту үшін немесе оның астында кірді кептірумен тең.
Есте сақтаңыз, тұрмыстық баллонды автокөліктер газды құю станцияларында толтыру өте қауіпті, өлшеусіз сыйымдылықты толтыру баллонның толып кетуіне әкелуі мүмкін, соңында ол өртке немесе жарылысқа әкеледі.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, сізді газбен жұмыс істегенде абай болуыңызды сұрайды. Тыңдаңыз, осындай жай ережелер сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.
Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі