Алматы облысының Сарқан қаласында құтқарушылар сәбиі ішінен пәтерде қамалып қалған анасына үйіне кіруіне көмектесті.

Алматы облысының Сарқан қаласында құтқарушылар сәбиі ішінен пәтерде қамалып қалған анасына үйіне кіруіне көмектесті.

Үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде 10 сағат 31 минутта "101" нөміріне Сарқан қаласындағы Қабанбай батыр көшесі бойындағы пәтерде 2017 жылы туған бала қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, ол есікті аша алмайды және қоңырауларға жауап бермейді.

Көрсетілген мекенжайға Сарқан қаласының 22-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары шықты. Құтқарушылар баспалдақты төртінші қабаттың ашық терезесіне орнатып, пәтерге кірді. Анасы көрші пәтерге шыққаннан кейін бала абайсызда есікті жауып, қайта аша алмағаны белгілі болды. Құтқарушылар есікті ішінен ашып, анасына пәтерге кіруге көмектесті. Балаға медициналық көмектің қажеті болмады.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балаларды күшейтілген тәртіпте қарау қажеттігін еске салады. Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз.

 

                Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі