Жумабаев Нурдавлет Муканұлы, өртке қарсы – қызмет запасындағы подполковник – өз жұмысын 1990 жылы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші лауазымынан бастады, онда 2 жыл жұмыс істеп, Ұзынағаш ауылындағы №10 Өрт-сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы болды. 1994 жылы азақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің қарауыл бастықтарының бастапқы даярлық курсынан өтті, лейтенант атағын алды және өз жұмысын сол бөлімде қарауыл бастығы болып жалғастырды, онда 11 жыл жұмыс істеп, Ұзынағаш ауылындағы №7 Өрт-сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болды.
2020 жылы Өртке-қарсы қызмет жұмысында жақсы нәтижелер мен жоғары кәсіби қасиеттерін көрсетіп Жұмабаев Нурдавлет Мұқанұлы Қаскелең қаласы №1 Өрт-сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Қызмет еткен уақытында бөлім бастығы Жұмабаев Нурдавлет Мұқанұлы «Мінсіз қызметі үшін 1,2 және 3 санаттағы», «Төтенше жағдайлардың алдын – алуда және жоюды Үздік шыққаны үшін» және т.б. медальдармен марапатталды.
Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толады, Нурдавлет Муканұлы осынша жылын өзінің ержүрек кәсібіне арнады, 2015 жылы зейнетке шықты. 2016 жылдан бастап Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мемлекеттік әкімшілік қызметшісі лауазымын бас маман лауазымында атқарып келеді, қазіргі уақытта онда жұмыс істейді.
Біз адамдарды құтқару ісіне адал және өз ісіне адал - адаммен бірге жұмыс жасағанымызды мақтан тұтамыз.
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі