"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 19 тамыздағы дауылды ескертуінің негізінде 20 тамыз күні Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ жаууы күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі