"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 11 тамыздағы дауылды ескертуінің негізінде 12 тамыз күні Алматы облысының Іле Алатауы тауында күн күркіреуі және найзағай түсуі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 17-22 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі