"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 10 тамыздағы дауылды ескертуінің негізінде 11 тамыз күні Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аумағында кей жерлерінде бұршақ жаууы, күн күркіреуі және найзағай түсуі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 17-22 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі