"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 29 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 30 шілде күні Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, күн күркіреуі және найзағай түсуі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с. Сонымен қатар, облыстың жекеленген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталуда.
Жетісу облысы ТЖД сіздерден үйден шықпауларыңызды сұрайды. Жылудан зақымданған жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты жылу кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі