"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 26 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 27 шілдеде Жетісу облысында оңтүстік-шығыс жел күтіледі. Облыстың шығыс аймағында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Облыстың басым бөлігінде өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін сіз "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі