"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 12 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 13 шілде күні Алматы облысының таулы ауданында және облыстың оңтүстігінде күн күркіреуі күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысы ТЖД сіздерден үйден шықпауларыңызды сұрайды. Жылудан зақымданған жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты жылу кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі