"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 11 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 12 мамыр күні Алматы облысының тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда кейде қатты жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, дауылды боран соғуы, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі