"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 22 сәуірдегі дауылды ескертуінің негізінде 23-24 сәуір күндері Алматы облысының Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында күн күркіреуі және найғазай түсу қатері күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі