"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылы 28 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде, 29-30 наурыз күндері Алматы облысының Жетісу және Іле Алатауы тауларында кейде қатты жауын-шашынның мөлшері түсуі (көктайғақ, қар және тұман) күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысының аумағында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 18-23 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі