"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылы 1 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде, 2-4 наурыз күндері Алматы облысының тауларында және таулы аудандарында қатты аралас жауын-шашын болжамына байланысты облыс өзендерінде көлбеу ағын қалыптасуы және су деңгейінің көтерілуі күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі