"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылы 14 ақпандағы дауылды ескертуі негізінде, 15 ақпан күні Алматы облысының таулы аудандарында боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ облыс тауларында қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сонымен қатар, облыстың жолдарында қар жамылғысы пайда болады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.