"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылы 11 ақпандағы дауылды ескертуі негізінде, 12 ақпан күні Алматы облысында тұман және көктайғақ түсуі күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі