"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі дауылды ескертуі негізінде 3 қыркүйек күні Алматы облысының аумағында күн күркірейді, бұршақ жауады. Жел солтүстік шығыстан соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сонымен қатар, облыстың кейбір аумақтарында өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі