"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 31 тамыздағы дауылды ескертуі негізінде 1 қыркүйек күні Алматы облысының аумағында күн күркірейді және бұршақ жауу күтілуде. Жел шығыстан соғады. Желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ облыстың солтүстік-батыс және өңтүстік аумақтарында өрт қаупі сақталады. Кейбір жерлерде қатты жауын - шашынның болжамына байланысты, 2021 жылдың 1-2 қыркүйегі аралығында Алматы облысының таулы аймақтарының өзендерінде көлбеу ағындардың қалыптасуы және су деңгейлерінің көтерілуі күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі