"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 12 тамыздағы дауылды ескертуі негізінде 13 тамыз күні Алматы облысында күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 17-23м/с жетеді. Сонымен қатар өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі