"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 9 тамыздағы дауылды ескертуі негізінде 10-12 тамыз күндері Алматы облысының Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында аз уақытты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді. Батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі