"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 27 шілдедегі дауылды ескертулері негізінде 28 шілде күні Алматы облысының кейбір аумақтарында 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Кейбір аймақтарда өрт қаупі сақталады. 28-30 шілде күндері Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында аз уақытты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады, шығыстан жел соғады, желдің екпіні 25 м/с жетеді. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында күндізгі уақытта екаіні 15-20 м/с жететін жел соғады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі