"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 13 шілдедегі дауылды ескертулері негізінде 14 шілде күні Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында, сондай-ақ Алматы облысының таулы аймақтарында аз уақытты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 25 м/с жетеді. Сонымен қатар, өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ Талдықорған қаласында күндіз күн күркірейді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі