"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 8 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде 9 шілде күні Алматы облысының кейбір аймақтарында кей жерлерде күн күркірейді, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сонымен қатар, өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі