"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 3 маусымдағы дауылды ескертуі негізінде, 4 маусым күні Алматы облысының кейбір аумақтарында найзағай күтіледі, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ күндіз кейбір аумақтарда 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады.Сонымен қатар Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауу мүмкін. Жел батыстан соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі