Алматы облысының ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 25 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде, оң температуралық фон мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының тау өзендері бойынша 2021 жылғы 26-28 наурыз аралығында жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтеді деп күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі