Алматы облысының ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 19 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде, 20-21 наурызда Алматы облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысуымен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі