2021 жылғы 25 ақпан, сағат 12.00-дан бастап Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) «Алматы-Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» обылыстық маңызы бар автожолдың 0-ші мен 45-ші шақырымында және «Алматы-Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» автожолынан Көктөбе ауылына дейін 0-16 шақырымында қозғалыс барлық көліктерге жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі