Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 18 ақпанда сағат 12.00-ден бастап Алматы облысының Алакөл ауданында қатты желге (төмен бұрқасын) байланысты облыстық маңызы бар "Үшарал-Қамысқала" автожолы 0-59 км.барлық автокөлік құралдары үшін жабық.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі