Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үй секторындағы өрттің және иіс газынан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсаты өрт қауіпсіздігі талаптарын тұрғындарға түсіндіруге және әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлерін қамтуға аударылған.

Жыл басынан бері облыста 627 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны 12,8%-ға азайды. Өрт салдарынан қаза тапқандар саны 13-тен 8 адамға дейін төмендеді, яғни 38,5%-ға қысқарды.Қызметкерлер қазір елді мекендердегі тұрғын үйлерді күн сайын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп жатыр. Бүгінге дейін мыңнан астам үй араланып, бес мыңнан астам адам қамтылды. Профилактикалық жұмысқа жергілікті атқарушы органдар, мүдделі қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдар да қатысуда.

Аралау кезінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға ерекше назар аударылады. Иіс газынан уланудың алдын алу мақсатында 2025–2026 жылдары әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындардың үйлеріне 1024 датчик орнатылды. Бұл құрылғылар үй ішіндегі иіс газының қауіпті мөлшерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Департамент тұрғындарға жылыту маусымында пештер мен мұржалардың жай-күйін қадағалауды, жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмауды және электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеуді ескертеді. Пеш жағылатын үйлерде мұржаны уақытылы тазалап, жарықтар мен ақауларды жою қажет. Иіс газының датчигі орнатылған жағдайда оның жұмысқа жарамдылығын жүйелі түрде тексерген жөн.

Дата публикации
06 октября 2026
Дата обновления
06 октября 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Мерзімді БАҚ
06 октября 2026
Алматы облысында жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
03 июня 2026
Қауіпсіз әрі бақытты балалық шақ: Алматы облысындағы балаларға арналған жарқын мереке
17 февраля 2026
Алматы облысы аумағында көктемгі тасқынға дайындық шаралары күшейтілуде

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы