Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы аумағында көктемгі тасқынға дайындық шаралары күшейтілуде

2026 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде су басу қаупін төмендету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешені кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өңірде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 45,7 км арықтар, 31 км каналдар, 4,2 км өзен арналары тазартылды, сондай-ақ автомобиль және теміржол жолдарының астындағы 21 су өткізу құбыры тазартылды.

Елді мекендерден қарды шығару үшін аудан әкімдіктерімен бірлесіп облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларында мердігер ұйымдарды тарта отырып, қар шығаратын арнайы полигондар айқындалды.

Су тасқынының алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 38 елді мекенді қамти отырып, 45 рейдтік іс-шара өткізді, сондай-ақ 763 адам қатысқан 80 халықпен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында 564 профилактикалық ұсыным таратылды.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен инфрақұрылымды қорғау, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Дата публикации
17 февраля 2026
Дата обновления
17 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Мерзімді БАҚ
06 октября 2026
Алматы облысында жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
03 июня 2026
Қауіпсіз әрі бақытты балалық шақ: Алматы облысындағы балаларға арналған жарқын мереке
17 февраля 2026
Алматы облысы аумағында көктемгі тасқынға дайындық шаралары күшейтілуде

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы