«Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 11 желтоқсандағы 11 желтоқсан сағат 21:00-ден 2023 жылғы 12 желтоқсан сағат 21:00-ге дейінгі аралықтағы дауылды ескертуі негізінде.
12 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей жерлерде қалың қар, тұман, көктайғақ күтіледі.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі