Меню

Страницы

Статья

Дауылды алдын ала ескерту

«Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 23 қарашадағы 23 қараша сағат 21:00-ден 24 қараша сағат 21:00-ге дейінгі аралықтағы дауылды ескертуі негізінде.
24 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз батыста, облыс орталығында екпіні 18-23 м/с.
Қонаев қаласы: 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел күндіз екпіні 18-23 м/с.

Дауыл жел - ең көп таралған табиғи апаттардың бірі. Желді жағдайда (14-17 м/сек) көше бойында орнатылған жарнамалық билбордтар, жарықдиодты панельдер мен баннерлер аударылып кетуі мүмкін екенін ескеру қажет. Дауыл соққанда (24 м/сек дейін) ағаштарды құлатып, электр желілерін кесуі мүмкін. Ал ұшқынды сымдар нәтижесінде өртке әкелуі мүмкін. Қатты дауыл соққанда (28,4 м/сек дейін) ғимараттардың қирауы, соның ішінде үйлердің шатырлары жұлынып, терезелердегі әйнектер сынуы мүмкін. Сынған ағаштар мен құрылыс құрылымдарының сынықтары жолдарды, өткелдерді жауып қалуы мүмкін. Дауыл кезінде (32 м/сек және одан да көп) тұрақты құрылымдардың, электр көлігінің жанасу желілерінің, инженерлік және энергетикалық желілердің электр желілерінің елеулі зақымдануына алып келуі әбден мүмкін.
Қатты жел кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын білу және сақтау маңызды:
Үйде немесе пәтерде болған кезде:
- барлық желдеткіштер мен терезелерді жабу қажет, олардың жабылғанын тексеру керек;
- қатты жел кезінде терезелердің жанына алыс жақындамау керек;

Қатты жел кезінде сыртта қалсаңыз:
- дауылды ескерту хабарламаларын назардан тыс қалдырмаңыз;
- жақын маңдағы подъезде немесе ғимаратта желдің біткенін күтіңіз;
- үй қабырғаларының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, билбордтардың қасында, ағаштардың түбінде, аяқталмаған ғимараттардың қасында тығылуға болмайды;
- үзілген сымдарға, қимылдап тұрған белгілерге және т.б. жақындамаңыз;
- шіріген және ескі ағаштардан, әсіресе жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыз.
- көліктерді ағаштардың, билборд құрылымдарының немесе электр сымдарының астына қоюға болмайды;

Жеке көліктермен саяхаттаудан және ұзақ уақыт көшеде болудан аулақ болыңыз.
Қауіпті жағдайға тап болсаңыз және авариялық-құтқару шараларын жүргізу қажеттілігі туралы ақпаратты хабарлау үшін 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
23 ноября 2023
Дата обновления
23 ноября 2023
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Мерзімді БАҚ
06 октября 2026
Алматы облысында жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
03 июня 2026
Қауіпсіз әрі бақытты балалық шақ: Алматы облысындағы балаларға арналған жарқын мереке
17 февраля 2026
Алматы облысы аумағында көктемгі тасқынға дайындық шаралары күшейтілуде

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы