«Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 10 қарашадағы дауылды ескертуіне сүйене отырып, 2023 жылғы 10-11 қарашада Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде (2500-ден жоғары биіктік белдеуінде) қатты жауын-шашынға және қардың тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар көшкінінің пайда болу қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыз.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі