«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 8 қарашадағы дауылды ескерту негізінде 8 қараша сағат 21:00-ден 2023 жылғы 9 қараша 21:00-ге дейін.
9 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстікте жел соғады, облыстың таулы аймақтарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Қонаев қаласы: 9 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі