«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 31 қазандағы дауылды ескерту негізінде 2023 жылғы 31 қазан сағат 21:00-ден 2 қараша сағат 9:00-ге дейін түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың орталығында 15-20 м/с.
Қонаев қаласы: 1-2 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі