«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 30 қазандағы дауылды ескерту негізінде 2023 жылғы 30 қазан сағат 21:00-ден 31 қазан сағат 21:00-ге дейін.
31 қазан күні таңертең және түстен кейін Алматы облысының оңтүстігінде кейде қатты жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында кейде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кейде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың көп бөлігінде екпіні 17-22 м/с, күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында кейде 24-29 м/с болады.
Қонаев қаласы: 31 қазанда оңтүстік - шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады, кейде екпіні 17-22 м/с.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі