«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 23 қазандағы дауылды ескерту негізінде 23 қазан сағат 21:00-ден 24 қазан 21:00-ге дейін.24 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі.Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі