ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2023 жылғы 16 қазанда Алматы уақытымен 13 сағат 32 минут 30 сек жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 64 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан (ашық жер, Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылынан шығысқа қарай 14,3 км).
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.7. MPV магнитудасы 4.4. Эпицентрдің координаттары 43.63° С. Е. 77.46° ш. б. Тереңдігі 15 км. Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезгіштігі туралы мәліметтер жоқ
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселезащитаға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарды хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады: - ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі