Меню

Страницы

Статья

Жер сілкінісі тіркелді

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

ҚР ТЖ М «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2023 жылғы 11 қазанда Алматы уақытымен 11 сағат 27 мин 51 сек (2023 жылғы 11 қазанда Гринвич бойынша 05 сағат 27 мин 51 сек) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 249 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0.
MPV магнитудасы 4.3.
Эпицентрдің координаттары 42.63° С. Е. 79.86° ш. б.
Тереңдігі 10 км.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселезащитаға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарды хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады:
- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
- егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
- ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
- үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
- лифттерді пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жақпаңыз:
- сымдарды ұстамаңыз;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
11 октября 2023
Дата обновления
11 октября 2023
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Мерзімді БАҚ
06 октября 2026
Алматы облысында жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
03 июня 2026
Қауіпсіз әрі бақытты балалық шақ: Алматы облысындағы балаларға арналған жарқын мереке
17 февраля 2026
Алматы облысы аумағында көктемгі тасқынға дайындық шаралары күшейтілуде

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы