«Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 06 қазандағы дауылды ескертуі негізінде 2023 жылғы 06 қазан күні 21:00-ден 7 қазан күні 21:00-ге дейін. 7 қазан күні таңертең және түстен кейін Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында кейде тұман болады. Облыстың батысында, шығысында батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 м / с құрайды.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі