ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2023 жылғы 19 қыркүйекте Алматы уақытымен 06 сағат 57 мин 32 сек (2023 жылғы 19 қыркүйекте Гринвич бойынша 00 сағат 57 мин 32 сек) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 149 км жерде, Кеген ауданының аумағында Алғабас ауылынан 58 км жерде таулы аймақта орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3.
MPV магнитудасы 4.6.
Эпицентрдің координаттары 43.29° С. Е. 78.74° ш. б.
Тереңдігі 20 км.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселезащитаға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарды хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады:
- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
- егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
- ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
- үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
- лифттерді пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жақпаңыз:
- сымдарды ұстамаңыз;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі