«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 9 тамыз күнгі № 07 дауылды ескерту негізінде 09 тамыз 21:00-ден 2023 жылғы 10 тамыз 21:00-ге дейін Алматы облысының басым бөлігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың таулы аудандарында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
10 тамыз күні Алматы облысының солтүстік пен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі