Таулы жерлерде жаңбыр түрінде жауатын жауын-шашынның болжамына байланысты 2023 жылғы 25-26 шілде аралығында Алматы облысының өзендерінде беткейлі ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және су тасқыны қаупі бар.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сіздің өңіріңізде дауылды ескертулер мен өзге де шұғыл ақпараттар туралы ақпаратты жедел алу үшін Сіз тегін «Дармен» мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі