25 ақпанда Алматы облысында күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы
аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы
аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа
ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с.
Ақпанның 24-нен 25-не қараған күні күндіз ауа температурасының 13-18, облыстың
солтүстігінде, таулы аудандарында 9 градус жылыдан 2-7 градус жылы, облыстың
солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі