Меню

Страницы

Статья

Жер сілкінісі туралы ақпарат

ҚР ТЖМ "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 30 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 12:36-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүсікке қарай 112 км жерде Алматы облысының аумағында (Қонаев қаласынан 37,7 км жерде) орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.0.
MPV магнитудасы 3.9.
Эпицентрдің координаттары 44.17° с.е. 77.32° ш.б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ
 
Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Мерзімді БАҚ
06 октября 2026
Алматы облысында жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
03 июня 2026
Қауіпсіз әрі бақытты балалық шақ: Алматы облысындағы балаларға арналған жарқын мереке
17 февраля 2026
Алматы облысы аумағында көктемгі тасқынға дайындық шаралары күшейтілуде

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы