Алматы облысының аумағында 2020 жылдың алты айында болған төтенше жағдайларды талдау

2020 жылдың алты айында облыс аумағында ірі жол-көлік және әуе апаттарын қоса алғанда 479 (ТЖ критерия бойынша - 44) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді (2019 ж. – 701(ТЖ критерия бойынша – 63), -31,7%).

Салдарынан:

- 1960 адам зардап шекті (2019 ж. – 140, +14 есе);

- 19 адам қаза болды (2019ж. – 44, -56,8%).

Алдын ала есептеулер бойынша материалдық шығын 43 млн. 400 мың теңгені құрады (2019 ж. - 25 млн. 200 мың теңге, +72,2%).

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саны 431 оқиғаны (2019 ж. – 641 (ТЖ критерия бойынша – 59), -32,8%) немесе жалпы төтенше жағдайлар санының 89,9%-ын құрады, оның ішінде:

- тұрмыстық және өндірістік өрттер 426 оқиға (98,8%);

- газ ауа қоспасының тұтануы 2 оқиға (0,5%);

- тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі авариялар 1 оқиға (0,2%);

- жол апат жағдайы 2 оқиға (0,5%).

Зардап шеккен адамдардың саны 42 (2019ж.-132, -68,2%), қаза болғандар 19 адам (2019ж-44, -56,8%).

Қаза болғандардың жалпы санының үлесі өндірістегі және тұрмыстағы өрттерге келеді – 15 адам (78,9%), газ ауа қоспасының тұтануынан – 2 адам (10,5%), тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі аварияларға 1 адам (5,3%).

Ағымдағы жылдың 6 айында 9 (ТЖ критерия бойынша - 9) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді (2019 ж. – 4 (ТЖ критерия бойынша – 4), +2,2 есе), ол жалпы төтенше жағдайлардың 1,9% құрайды, оның ішінде:

- Рихтер шкаласы бойынша қарқындылығы 2-4 баллды жер сілкінісі – 3;

- гидрометеорологиялық оқиға – 2;

- адамдардың аса қауіпті инфекциялық ауруларының оқиғасы – 1;

- табиғи өрттер – 3 жағдай;

Салдарынан 1918 адам зардап шегіп (2019 ж. – 8, +239,8 есе), соның ішінде 1 адам қаза болды (2019 ж. –0). Бұл ретте барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың саны КВИ пандемиясынан болып тұр.

2020 жылдың 6 айында:

- табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ саны 31,7% кеміді;

- техногенді сипаттағы ТЖ саны 32,8% кеміді;

- табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 68,2%-ға кеміді;

- табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қаза болғандар саны 56,8%-ға кеміді.

Жалпы, 2020 жылдың алты айында Алматы облысында болған өрттер саны мен олардан зардап шеккендердің саны азайған.

Осылайша, 2020 жылдың есептік кезеңінде 444 өрт тіркелді (2019ж . – 616, -27,9%), 14адам зардап шеккен (2019ж . – 14), қаза болғандар – 15 (2019ж . – 8,+87,5%).

Материалдық шығын 43 млн. 400 мың теңгені (2019ж. - 25 млн. 200 мың, +72,2%) құраған.

Барлық болған өрттердің 70%-дан астамы тұрғын секторда тіркелген. Адамдардың қаза болуының басты себебі, жоғары температурадан және улы газ салдарынан болады. Өрттің пайда болуының негізгі себептеріне тұрғын үйлердің тозығы жеткендігі, оның ішінде ғимараттың құрылыстары мен инженерлік қамтамасыз етілуі шарттың өртке қарсы жағдайын қамтамасыз етудің сондай-ақ заманауи алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы жатады. Пәтерлер мен тұрғын үйлерде тез тұтанатын заттардың, синтетикалық бұйымдар мен әр түрлі тұрмыстық техниканың болуы бір жағынан өрттің туындау қауіпін арттырса, екінші жағынан шағын өрттің өзі синтетикалық материалдан жанғанда улы газдардың бөлінуінен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Есептік кезеңінің ішінде Департамент және оның құрылымдық бөлімшелері 2650 (2019 ж.- 1996) шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарына шығып, жеке құраммен – 61 адамқұтқарылды (2019 ж.-193), төтенше жағдай аймағынан – 253 (2019 ж.-1078) адам қауіпсіз жерге көшірілді.

(«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» және «Жедел құтқару жасағы» ММ дабыл бойынша 2611 рет оқиға орнына шықты, оның ішінде: өрттерге – 444; авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге – 134; жалған шығулар –1; жану оқиғаларына – 966, тұрмыстық сипатта – 2415, ЖКО-28, іздестіру-құтқару жұмыстарына – 34. Аталған жұмыстар барысында 216 адам көшіріліп, 61 адам құтқарылды.)

Өрттің алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік мекемелер және шаруашылық объектілеріне 941 тексеру жүргізілді. Объектілерді тексеру барысында барлық меншік нысандарынан 3539 өрт қауіпсіздік шараларын бұзушылық анықталған (2019 ж. – 7239, -51,1%). 678 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 млн 108 мың 814 теңге айыппұл салынды (2019 ж. – 8 млн.433 мың. 500 тенге, - 2,7 есе).

Бұқаралық ақпарат құралдарында:

- 895 мақала басылымға шықты (2019ж.-809, +10,6%,);

- жергілікті радиохабарда – 963 сөз сөйленді (2019ж. – 923,+4,3%);

- ДҰҚ арқылы - 6355 (2019ж.-6219, +2,2%) ақпарат таратылды;

- интернет-ресурстарда – 600 (2019ж. – 519, +15,6%);

- мемлекеттік, республикалық, коммерциялық және облыстық телеарналарда – 179 бейнематериал көрсетілді (2019ж.-174, +2,8%).

Дата публикации
11 августа 2020