Азаматтық қорғау органдарының қызметіне денсаулық, дене бітімнің дамуы, білім деңгейінің жағдайына оларға жүктелген лауазымдық міндеттерін атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған отыз бес жасқа дейін азаматтар (18 жасқа толған), тұруы мүмкін.
Құқық қорғау органдарына қызметке тұру конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адамдарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болған адамдардың құқық қорғау қызметіне конкурстық iрiктеусiз тұруға құқығы бар.
Қызметке түсу кезінде кандидаттар медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық куәландырудан, сонымен қатар, міндетті арнайы тексерістен өтуге міндетті.
Кандидаттар заңнаманы білуіне тестілеуден өту қажет (тестілеу ережелері 20.09.2016 ж. № 1 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген):
І бағдарлама – «C-SVО-8» (аға инспектор, аға инженер); «C-SVR-7» (аға инженер); «C-SVU-12» (аға инспектор, оқытушы, оқытушы-әдіскер); «C-SVU-9» (аға оқытушы, ғылыми қызметкер, аға оқытушы-әдіскер); «C-SVU-8» (профессор, доцент);
ІІ бағдарлама – «C-SVО-7» (бас маман-психолог); «C-SVО-9» (инженер, инспектор); «C-SVR-8» (инженер); «C-SVU-13» (оқытушы-әдіскер, оқытушы, инспектор); «C-SVU-15» (карауыл бастығы); «C-SGU-11» (бас маман-психолог); «C-SGU-12» (аға инженер, аға инспектор); «C-SGU-13» (инженер, инспектор);
ІІІ бағдарлама – «C-SV-12» (аға техник, жедел кезекшінің көмекшісі, бөлімше командирі, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, есеп жөніндегі аға технигі, қаруландыру қоймасының меңгерушісі, кезекшінің көмекшісі, өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушысы, аға өрт сөндіруші-құтқарушы, байланыс аға шебері); «C-SV-13» (техник, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, өрт сөндіруші-құтқарушы, радиотелефоншы, диспетчер);
IV бағдарлама - «C-SVО-9» (инженер, инспектор); «C-SVR-8» (инженер); «C-SVU-13» (оқытушы-әдіскер, оқытушы, инспектор); «C-SVU-15» (карауыл бастығы); «C-SGU-11» (бас маман-психолог); «C-SGU-12» (аға инженер, аға инспектор); «C-SGU-13» (инженер, инспектор).
Қолында оң нәтижесімен сертификат болғанда кандидат орналасқысы келетін азаматтық қорғау аумақтық органдарының (облыстар,республикалық маңызы қалалар және астана Төтенше жағдайлар департаменттері, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Көкшетау техникалық институты) кадр қызметіне олардың қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларға медициналық, психофизиологиялық куәландыру және полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберуге өтініш білдіру.
Кейін кандидат келесі кезеңдерді қамтитын конкурстық іріктеуге қатысады:
құжаттарды тапсыру (конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде);
дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру;
конкурстық комиссиямен әңгімелесу.
Конкурстық комиссиямен қызметке қабылдау туралы оң қорытынды қабылданған қатысушы, бастапқы оқыту өткізуге дейін, арнайы тексерістен және тағылымдамадан өтеді (тағылымдаманың ұзақтығы сәйкес лауазымдар бойынша стажер ретінде кандидат тағайындау күнінен бастап бір айдан кем емес болу қажет).
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес құқық қорғау қызметіне:
Қызмет өткеру кезеңінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері:
1) ақшалай үлеспен ұстау (лауазымдық айлық және арнаулы атағы бойынша айлық) және коммуналдық қызметтерге шығындарын төлеуге ақшалай өтемақымен қамтамасыз етіледі;
2) нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі;
3) мемлекеттік есебінен медициналық қамтамасыз ету алады;
4) қызметкерлерге жыл сайын екі лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеумен демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байланысты орнатылады (30 түліктен бастап 45-ке дейін);
5) шекті жасқа жеткен жағдайда зейнетке шығу құқығы бар: майорға дейін – 48 жаста; подполковникке дейін – 50 жаста; полковникке дейін – 55 жаста;
6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бірінші кезектегі қамтамасыз ету құқығы бар.
Толығырақ ақпараты аумақтық төтенше жағдайлар бөлімшелерінде немесе Комитеттің Кадр саясаты басқармасында 8-7172-60-21-29 телефоны арқылы алуға болады.
Аумақтық төтенше жағдайлар бөлімшелері кадр қызметтерінің байланыс телефондары:
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД: 8-7172-32-01-88
Алматы қаласы ТЖД: 8-7272-93-53-74
Шымкент қаласы ТЖД: 8-7252-33-74-98
Ақмола облысы ТЖД: 8-7162-25-24-47
Ақтөбе облысы ТЖД: 8-7132-70-38-26
Алматы облысы ТЖД: 8-7282-22-15-67
Атырау облысы ТЖД: 8-7122-45-01-60
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД: 8-7232-57-03-28
Жамбыл облысы ТЖД: 8-7262-999-053
Батыс Қазақстан облысы ТЖД: 8-7112-51-27-02
Қарағанды облысы ТЖД: 8-7212-51-13-80
Қостанай облысы ТЖД: 8-7142-50-08-60
Қызылорда облысы ТЖД: 8-7242-70-03-26
Маңғыстау облысы ТЖД: 8-7292-42-68-55
Павлодар облысы ТЖД: 8-7182-53-16-01
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД: 8-7152-34-01-44
Түркістан облысы ТЖД: 8-7253-55-11-51
Қазақстан Республикасы ІІМ
Төтенше жағдайлар комитетінің
Кадр саясаты басқармасы