Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында аудан әкімі қатысуымен құтқарушыларға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиын барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ауылдық жерлерде қызмет атқаратын құтқарушыларға өз міндеттерін абыроймен атқарып, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Ерхан Ерланұлы Жақсылық арнайы төсбелгімен марапатталды. Ол Хромтау өңірінде 9 жыл 7 ай бойы түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, оның 3 жыл 5 айында басшылық құрамда болған. Осы уақыт ішінде жүргізуші-қызметкер, қарауыл бастығы және өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Салтанатты іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың қызметіне құрмет көрсетілді.
Ақтөбе облысының ТЖД
19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Құтқару – абзал міндетім» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Қаһарман Оразалин құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адам өмірін сақтау мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
Мереке аясында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, төтенше жағдайларды жоюға және құтқару операцияларына белсенді қатысқаны, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкер мен сала ардагерлері марапатталды.
Атап айтқанда, қызметкерлерге кезектен тыс арнаулы атақ, ведомстволық төсбелгілер, Құрмет грамоталары, медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар азаматтық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға, әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға және құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан азаматтар да марапатқа ие болды.
Ақтөбе облысының ТЖД
Байғанин және Алға аудандарында су тасқыны кезеңіне дайындық деңгейін бағалау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында елді мекендердегі су тасқыны қаупі бар учаскелер, гидротехникалық құрылыстар, бөгеттер мен плотиналардың жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар, қорғаныс бөгеттерінің беріктігі, су өткізу құрылыстарының жағдайы және олардың көктемгі кезеңге дайындығы зерделенді.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, оларды жою бойынша нақты шаралар белгіленді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – су тасқыны қаупін барынша азайту, елді мекендерді су басудың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақтөбе облысының ТЖД
Ақтөбе облысы ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері, аудандық анықтаушылар, Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасы мен судьяларының қатысуымен бірлескен семинар-сабақ өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292 және 204-баптары бойынша қылмыстық істерді сотқа жолдау тәртібі мен сот практикасының өзекті мәселелері қаралды.
Семинар аясында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер мен практикалық ұсынымдар алды.
Анықтау қызметінің тиімділігін арттыру және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы бірлескен іс-шаралар жалғасуда.
Ақтөбе облысының ТЖД
Қысқы кезеңге дайындық аясында «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалдарының өндірістік базалары мен арнайы техникаларына комиссиялық қарау жүргізілуде.
Қарауға Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның және Полиция департаментінің өкілдері қатысуда.
Қарау барысында өндірістік базалардың жай-күйі, арнайы техникалардың техникалық жарамдылығы және жол қызметтерінің қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы бағалануда.
Қар жаууы, боран және басқа да қолайсыз ауа райы жағдайларында техникалардың жұмысқа әзірлігіне, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық ресурстардың болуына ерекше назар аударылуда.
Аталған жұмыс ауа райы жағдайлары күрделенген кезде жедел әрекет етуді, автомобиль жолдарын үздіксіз күтіп-ұстауды және қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақтөбе облысының ТЖД
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әйке ауылында қайта жаңғыртудан өткен өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңартылған нысан төрт елді мекенде тұратын 3 512 тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық елді мекендер үшін маңызды.
Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы кезекшілік атқаруға бейімделген. Мұнда кезекші құрамның жұмыс істеуі мен тынығуына қолайлы жағдайлар жасалып, арнайы техниканы орналастыруға арналған гараж және қажетті тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
Ерікті өртке қарсы құралымға ТЖМ тарапынан бір бірлік өрт сөндіру техникасы беріліп, қажетті өрт-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. ТЖД мамандары еріктілерге тұрақты түрде теориялық және практикалық дайындық өткізіп, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету дағдыларын жетілдіреді.
Жаңа бекеттің ашылуы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, өрт оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарлы ауылында ерікті өртке қарсы құралым ашылды. Жаңа нысан екі елді мекенде тұратын 2 140 тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық елді мекендер үшін маңызды.
Жаңа өрт сөндіру бекеті жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Нысанның жұмысын қамтамасыз ету үшін ТЖМ өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтарын берді. Бұл мамандардың шақырту орнына жедел жетіп, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға тиімді ден қоюына мүмкіндік береді.
Штаттық кестеге сәйкес жеке құрам саны төрт адамды құрайды. Қазіргі уақытта екі қызметкер штаттық негізде жұмыс атқарса, қалған екі адам жұмыспен қамту бағдарламасы аясында қызметке тартылған.
Жаңа бекеттің іске қосылуы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, өрт оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысының ТЖД
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарлы ауылында ерікті өртке қарсы құралым ашылды. Жаңа нысан екі елді мекенде тұратын 2 140 тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық елді мекендер үшін маңызды.
Жаңа өрт сөндіру бекеті жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Нысанның жұмысын қамтамасыз ету үшін ТЖМ өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтарын берді. Бұл мамандардың шақырту орнына жедел жетіп, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға тиімді ден қоюына мүмкіндік береді. Жеке құрам саны төрт адамды құрайды.
Жаңа бекеттің іске қосылуы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, өрт оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
В частности, заместителем начальника УЧС города Актобе ДЧС Актюбинской области назначен майор гражданской защиты Нұркалык Саламат Әбдімәликұлы, начальником ПЧ №4 назначен подполковник гражданской защиты Құрманов Жеңіс Еркінұлы, а также начальником ПЧ №24 назначен подполковник гражданской защиты Шарипов Асхат Хакимович.
ДЧС Актюбинской области
Атап айтсақ, Ақтөбе облысының ТЖД Ақтөбе қаласының ТЖБ бастығының орынбасары болып азаматтық қорғау майоры Нұрқалық Саламат Әбдімәлікұлы, №4 ӨСБ бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Құрманов Жеңіс Еркінұлы, №24 ӨСБ бастығы лауазымына азаматтық қорғау қызметінің майоры Шарипов Асхат Хакимович тағайындалды.
Ақтөбе облысының ТЖД