Ақтөбеде өрт сөндірушілер газ баллонының жарылысына жол бермеді

Ақтөбеде өрт сөндірушілер газ баллонының жарылысына жол бермеді

7 қыркүйек күні сағат 03:17-де 101 пультіне Алматы ауданы, Ақжар ауылы, Телқоңыр к-сі, 49 үй мекенжайында орналасқан гараждағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жіберілді. Оның ішінде, жеке құрамнан 8 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Анықталғандай, гараждың 80 ш. м. аумағы өртке оранған.  Сондай-ақ өрттің жануы барысында газ баллонының жарылу қаупі туындады. Дегенмен, қарауыл бастығының м.а. азаматтық қорғау аға сержанты  Суликов Саят Қуанышұлының оңтайлы шешімімен өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында газ баллоны жанып жатқан өрттен қауіпсіз жерге алып шықты, сол арқылы жақын орналасқан тұрғын үйлер құтқарылды. Өрт сөндірушілердің ерлігі, батырлығы және ең бастысы жеделдігі қайғылы оқиғаның алдын алды. Өрт 04:08-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысының ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы