Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері арасында "ТІЛ-ТІРЕГІ ЕЛІМНІҢ" (#тілтірегіелімнің) өз шығармашылығынан өлең оқу онлайн – конкурсы жарияланады

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері арасында "ТІЛ-ТІРЕГІ ЕЛІМНІҢ" (#тілтірегіелімнің)  өз шығармашылығынан өлең оқу онлайн – конкурсы жарияланады

Іс-шараның мақсаты: Жалпы тіл мәдениетін, тілге деген қызығушылықты арттыру, Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлерінің шығармашылық өзін-өзі көрсетуіне және жеке дамуына ықпал ету.

Конкурсқа Ақтөбе облысының ТЖД барлық қызметкерлері қатыса алады. Байқауға қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @aqtobe_tjd парақшасына  жазылу қажет және #ТЖДақтөбе#ДЧСактобе хэштегіне қосылу қажет.

Қатысушы өз шығармашылығынан өлең оқуын MP4 форматындағы (телефонға көлденең күйде жазу) бейнежазбаға түсіруі тиіс. Содан соң өтінімді толтырып бейнежазбамен бірге dchsa@mail.ru электрондық поштасына ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіне дейін жіберуі сұралады.

#ТЖДақтөбе#ДЧСактобе