«Төтенше жағдай кезіндегі ерекше еңбегі үшін» медалі табысталды

«Төтенше жағдай кезіндегі ерекше еңбегі үшін» медалі табысталды

      Темір аудандық ТЖБ аға инженері А.Нұржан, №16 ӨСБ өрт сөндірушілері Ж.Хабдола, Д.Бөрібаев аудан әкімі Батырхан Жолдас Нұралыұлының қолынан «Төтенше жағдай кезіндегі ерекше еңбегі үшін» медаліне ие болды. Өрт сөндірушілер аудандық ауруханада орын алған өртті сөндіру кезінде ерекше көзге түскен.

         Аталмыш төтенше жағдай 2020 жылдың 9 маусымында болған. Кешкі сағат 22.00-де өрт сөндіру-құтқару қызметі диспетчерінің пультіне ауруханадағы өрт туралы хабарлама келіп түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан кейін жедел жеткен.

         Марапатқа ие болған мамандар төтенше жағдай кезінде батылдық пен кәсіби шеберлік таныта білді. Сол арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қаматамасыз етуге елеулі үлес қосты. 

Ақтөбе облысының ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы